Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде ел құрамасы спорттың 3 түрі бойынша жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін жүлдеге таласатын ел спортшылары:
Шаңғы жарысында Ә.Мұратбеков, В.Пухкало, Н.Башмаков сынға түседі. 15:45-те басталатын сайыста спортшылардың уақыт көрсеткіші жеке есепке алынады.
Сондай-ақ бүгін биатлоншыларымыз да бақ сынайды. В.Киреев пен Ә.Дүйсеновтің өнерін 18:00-де тікелей эфирден тамашалауға болады.
Ал 23:00-де М.Шайдоров еркін бағдарлама бойынша бақ сынайды. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей сырғанауда қысқа бағдарлама бойынша 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-ші орынға тұрақтаған еді.
Айта кетейік, күні кеше могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды.