• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Желтоқсан, 2025

Парламенттік реформа жайы талқыланды

20 рет
көрсетілді

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Ерлан Қарин Президент бастамашы болған парла­мент­тік реформа мемлекеттік құрылыстың «Күшті Прези­дент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» негізгі формуласы аясындағы ауқым­ды саяси жаңғырудың қи­сынды жалғасы екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекеттік ке­ңесші алдағы парламенттік реформа заң шығару қызметі­нің тиімділігі мен сапасын арт­тыруға бағытталғанын еске салды.

Отырыста парламенттік рефор­маға қатысты ұсыныс­тарды жинақтап, жүйелеу­дің ара­лық қорытындылары қарал­­ды. Сонымен қатар бола­шақ бір палаталы Парла­мент­тің заң шығару қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Жиын барысында Пар­ламентаризм институтының директоры Наталья Пан азаматтардан, сарапшылардан, қоғам белсенділерінен жи­нақ­талған ұсыныстар жөнін­де ақпарат берді. Атап айтқанда, e-Otinish және eGov платформаларындағы «Парламенттік реформа» арнайы бөліміне 400-ден аса ұсыныс келіп түсті. Жұмыс тобы мүшелерінің, саяси партиялардың ұсыныстары мен азаматтардың бастама­лары жүйеленіп, Пар­ламен­таризм институтында мұқият зерделенуде.

Ерлан Қарин отырыс­тар аралығындағы кезең­де пар­ламенттік реформаға қатысты жаңа ұсыныстар мен бастамалар бойынша ортақ көзқарастарды қалыптастыру үшін ауқымды, мазмұнды жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші талдау жұмыстарына назар аударып, ұсыныстардың сапалық тұрғыдан жақсара түскенін жеткізді.

Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары – Президенттің құқықтық мәселелер жөнін­дегі көмекшісі Ержан Жиен­баев Парламенттің заң шы­ғару қызметін жетіл­діру­ге бағытталған жалпы тәсіл­дер туралы айтты. Бұл Жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде әзірленді.

Жұмыс тобының Марат Шибұтов, Андрей Чеботарев, Азат Перуашев, Виктор Ма­ли­нов­ский, Магеррам Магер­­рамов, Бөріхан Нұр­мұха­медов, Үнзила Шапақ, Лейла Жақаева, Сне­жанна Имашева, Елнұр Бей­сенбаев, Алуа Ибраева, Ни­кита Шаталов, Индира Әубәкірова, Ерлан Сәрсем­баев секіл­ді мүшел­ері заң шы­ғару үде­рісін ұйымдастыру және заңдардың сапасын жақ­сар­ту тетіктері жөніндегі идея­лары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыс барысында пар­­ла­менттік реформа сая­си жаң­­ғырудың маңызды ке­зеңі екені, заң шығару билігі­нің рөлі мен тиімділігін арттыруға, сон­­­дай-ақ кәсіби заң шығару ісін одан әрі дамы­туға бағыттал­ғаны айтылды.

Жиын қорытындысы бо­йынша Жұмыс тобының жетек­шісі – Мемлекеттік кеңесші келіп түскен ұсыныстардың бар­лығын жинақтап, жан-жақты талдауды тапсырды.

Парламенттік жүйені жетілдіруге қатысты тәсілдер­ді әзірлеу ісі Жұмыс тобының алдағы отырыстарында кезең-кезеңімен жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар