Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде жаңа жағажай қолдануға берілді.
Халықтық серуенге арналған қоғамдық орын жергілікті әкімдіктің мұрындық болуымен, кәсіпкерлердің қолдауымен ашылды. Кәсіпкер, қоғам белсендісі Бекболат Қайыптың айтуынша, тұрғындардың суға түсіп, демалуына арналған орында күннен қорғайтын 16 шатыр, 8 орындық, 4 киім ауыстыратын орын және 3 әткеншек орнатылды.
– Бұдан бөлек тағы 6 әткеншек балалар игілігіне берілмек. Жаңа жағажайға таза құм төгілді. Сондай-ақ қоқыс жәшігі, турник, көлік тұрағы, волейбол, футбол алаңдары бар. Әкімдік алдағы уақытта жағажайды көгалдандырып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салуды жоспарлап отыр, – деді кәсіпкер.
Маңғыстау облысы