Редакция таңдауы
Қазір әлемде босқын үдерісі жылдан-жылға үдеп, үлкен проблемаға айналып барады. Халықаралық қоғамдастық жаһанның қауіпсіздік жағдайын жақсарта алмай тұр. Оның бір көрінісі – байырғы қонысынан баз кешкен адамдардың көбеюі. Әрине, олардың «астынан су шықпаса», мекеннен ауып несі бар? Мұны майшаммен зерттеп жатқан БҰҰ мен Еуроодақ та әзірге ортақ шешім таба алмай, пұшайман болып отыр.
05 Ақпан, 2024
Балық кәсібіне – ғылыми көзқарас
Ел-жұрттың табысын еселеу қай кезде өзектілігін жойған емес. Қайткенде қарапайым тұрғындардың қалтасы қомпаяды? Шағын және орта бизнес мейлінше өркендеп, елдегі әр азаматқа жұмыс орны табылып, отандық өнімнің көлемі артқанда ғана әр шаңыраққа дәулет құтая бастайды. Ал біле білгенге, тұрақты табыс көзінің бір түрі, бұл – балық шаруашылығы.
05 Ақпан, 2024
Тұтынушы құқын қорғайтын тұжырымдама
Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking («Ашық банктік қызметтер») банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиентке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.
05 Ақпан, 2024
Биржаға барар жол: Нені білу керек?
Қор нарығына қадам басу ерекше сауат пен білікті талап етеді. Бірақ бұған қарап биржада мәміле жасау соншалықты қиын әрі онымен тек ірі инвесторлар ғана айналысады деген көзқарас тумауға тиіс. Қазір биржа үдерістері әлдеқайда жеңілдетілді. Түрлі қосымшалар шықты. Күнделікті жұмысын істеп жүріп-ақ қор нарығынан тәуір пайда табуға машықтанған адамдар өте көп. Дегенмен кейбір ерекшеліктерді біліп жүргеннің артығы жоқ. Өйткені мұнда ұсақ-түйек қателік деген мүлде болмайды.
05 Ақпан, 2024
Цифрлық платформа құру бастамасы
Премьер-министр Әлихан Смайылов Беларусь, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары қатысқан «Digital Almaty: Х индустриясы және болашақтың цифрлық эволюциясы» атты форумның пленарлық отырысында сөз сөйледі.
05 Ақпан, 2024
Ғылыми маман даярлау түйткілдері
Жоғары оқу орындарының басты міндеті – бәсекеге қабілетті маман даярлау. Кейінгі жылдары ғылымды ілгерілету міндеті алға қойылғандықтан, осы саланың сапасын жақсарту мәселесі күн тәртібіне шықты.
05 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы айтқандай, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру ел стратегиясының басым бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – ұлттық ұйысудың тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Керекулік түрлі этнос өкілдері қазақ тіліне сұраныстың артқанын шын мәнінде дәлелдеп отыр.
04 Ақпан, 2024
Әшім Ахметов: Қаламақымды АҚШ-та білім алуға жұмсадым
Актер үшін жарқ етіп экранға шыққаннан-ақ бірден ел есінде жатталудан артық бақыт жоқ шығар. Оны өнер адамдары өз арасында «типажды әртіс» деп айрықша әспеттеп те жатады. Қауым болып көз тігетін кино кеңістігінде дараланатын ондай әртістер көп емес. Ал барының бағы бес елі. Жас та болса кинодағы қадамын табысты бастаған сондай актердің бірі Әшім Ахметов десек, қателесе қоймаспыз. Алғашқы адымы «Көшпенділер» фильмінен табысты басталған өнер иесі тарихи туындылармен қатар комедиялық фильмдерде де жақсы көрініп жүр. Түрі сұсты болғанымен, әлемі әдемі актермен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында жүздестік.
04 Ақпан, 2024
Перзенттік парызын өтемеген балалар ата-аналарына алимент төлейді
Өткен жылы Алматыда 1,5 мыңға жуық безбүйрек әке-шеше балаларына алимент төлеуден жалтарғандықтан, сот орындаушыларына алимент өндіріп алу туралы 22 415 атқарушылық іс жүргізуге тура келген. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
04 Ақпан, 2024
Қайсарлық – қазақ қыздарына ғана тән сияқты. Ананың ақ сүтімен сіңетін бұл қасиеттің ұшқыны тұлымы желбіреп, талшыбықтай өсіп келе жатқан Аймекеннің бойынан анық байқалады.
04 Ақпан, 2024
Қытайда тағы жер сілкінді. Алматыда сезілді ме?
Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін тіркеді. Мамандар Қытай аумағында тағы жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
03 Ақпан, 2024
Майқайыңдағы автобус апаты: Іздеу-құтқару жұмысы шұғыл тоқтатылды
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Майқайыңалтын» кенішінде автобус құлаған ойық орнында терең шұңқыр пайда болып, құтқару жұмыстары шұғыл тоқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
03 Ақпан, 2024
Бұрқасын, тұман. Үш облыста республикалық жолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың жабық екенін жариялады. Белгіленген автожолдарда көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген, деп жазады Egemen.kz.
03 Ақпан, 2024
«Соттағаннан не пайда?». Жедел жәрдем жүргізушісі мәлімдеме жасады
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан ер адамның бейнежазбасы таралып, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Күдіктінің кешірім сұраған бейне үндеуінен кейін жәбірленуші, жедел жәрдем жүргізушісі де үн қатты, деп жазады Egemen.kz.
02 Ақпан, 2024
Ел тұрғындары наурыз айында қанша күн демалатыны белгілі болды
2024 жылдың наурыз айында ел тұрғындары мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде 14 күн демалады, деп жазады Egemen.kz.
02 Ақпан, 2024
Қазақстандағы халық саны туралы жаңа деректер жарияланды
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың басы мен 2024 жылдың 1 ақпаны аралығындағы халық өсімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
02 Ақпан, 2024
Газет-журналдар шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді – Президент
Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2024
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру қашан басталатыны белгілі болды
Президент әскери қызмет туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Ақпан, 2024
Татар баспасөзіндегі ұлт тарихы
Жуырда «Тұмар» баспасынан «Қазақстан – татар баспасөзінде» атты монография жарық көрді. Авторы – Қызылорда «Болашақ» университеті филология, журналистика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Асқар Еңсепов.
02 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында: «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарасы болу керек. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты», деген еді. Ал былтыр Үкімет қаулысына сәйкес, қазақ журналистикасының ізашары саналатын «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірі шыққан күн Ұлттық баспасөз күні болып бекітілді.
02 Ақпан, 2024