Редакция таңдауы
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері АҚШ-тың Аризона штатының Феникс және Флоренс қалаларында өткен «Үздік жауынгер-2024» жарыстарында үздік атанды.
19 Наурыз, 2024
Жаңару күні: ел өңірлерінде қандай іс-шаралар өтеді?
Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
19 Наурыз, 2024
Жаңа Салық кодексі бәріне түсінікті болуы керек - Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Олжас Бектенов Жаңа Салық кодексін дайындау ісі созылып бара жатқанын ескертіп, заңнаманың баршаға түсінікті болуын қадағалауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
19 Наурыз, 2024
Қазақстанда 18 жаңа қала пайда болуы мүмкін
Қазақстанда ірі ауылдар жаңа мәртебе алуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Наурыз, 2024
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Кімдер жеңілдікпен үй ала алады?
«Отбасы» банкі осы жылы сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
19 Наурыз, 2024
Көне тарихымызға үңілсек, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні һәм төл Жаңа жылымыз екеніне көз жеткіземіз. Алайда коммунистік идеологияны ту етіп ұстанған кеңес өкіметі Наурыз мейрамын «діни мейрам» деп санап, оған 1926 жылы ресми түрде тыйым салған болатын. Бірақ ата салт-дәстүріне берік халқымыз Ұлыстың ұлы күнін ешқашан жадынан шығармай, әсіресе ауылды жердегі ағайын көрші-қолаңын қонаққа шақырып, наурызкөжеден дәм татқызып, ұлық мерекені атаусыз қалдырмауға тырысқан.
19 Наурыз, 2024
«Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасы наурыз мерекесіне орай балалар үйіне, көпбалалы және ерекше баласы бар отбасыларға ұлттық дәм мен тағамдарға толы «тарту» табыстап, еңбек адамдары мен ұлт зиялыларына «сыбаға» таратты.
19 Наурыз, 2024
Табиғаттың түрленіп, қысқы қар құрсауынан босанып, түлеуінің өзі ай бойы созылады. Адамдар арасында бұрынғы ашу-ыза, өкпе-наздың бәрі ұмытылады.
19 Наурыз, 2024
Бастапқы жоспар бойынша қосымша құн салығы (ҚҚС) өсімі бюджетке 2 триллион теңгеден астам кіріс әкелуге тиіс еді. Бұл мәселе өзектілігін жойған соң, қаражатты қайдан аламыз деген сұрақ туындады. ҚҚС көтерілуіне қарсы болған кәсіпкерлердің айтуынша, ең абзалы – бизнеске жағдай жасау, сонда Үкіметтің бюджет алдындағы жауапкершілігі жеңілдейді. Мәселен, Үкімет 1 жұмыс орнын ашу үшін 150 мың доллар жұмсаса, бизнесте мұны 15 мың доллармен шешуге болады екен.
19 Наурыз, 2024
Ашық банкинг асығыстықты көтермейді
Отандық қаржы жүйесінің белсенді цифрлануы нәтижесінде көп өтпей кез келген тұтынушы смартфонындағы бір банк қосымшасы арқылы бірнеше банктегі қаржылық жағдайын бақылап отыруға қол жеткізеді. Яғни банктің мобильді қосымшасымен жеке кабинетке кіріп, бірнеше шотты басқаруға және тұрақты төлем мен аударымдарды жүргізуге, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, өзінің кірісі мен шығысын талдауға мүмкіндігі бар.
19 Наурыз, 2024
Ерекше қажеттілігі бар жандарды жан-жақты қолдау – қоғамға ортақ міндет. Алматыда мұндай санаттағы 58 мыңнан аса адам өмір сүріп жатыр десек, олардың 9 мыңы – балалар. Әрбір азамат еркін дамуға, оқуға, жұмыс істеуге мүмкіндік ала отырып, өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі маңызды.
19 Наурыз, 2024
Цифрлық технологияның мүмкіндігі
ІІМ-дегі «Digital Police Day»: «Заң мен тәртіпті цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында өткен форумға мемлекеттік және құқық қорғау органдары, IT-компаниялар, азаматтық қоғамдастықтың өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері және студенттер мен курсанттар қатысты.
19 Наурыз, 2024
Мақсат – айқын, абырой – ортақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында қызметтің барлық бағыты бойынша нақты міндеттер қойғаны мәлім. Міндет үдесінен шығу үшін өңірде бұл тарапта қандай жұмыс атқарылып жатыр? Тілшіміз Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Нұрсұлтан МҰҚАШЕВҚА жолығып, әңгімелескен еді.
19 Наурыз, 2024
Елордада игі істер марафоны жалғасын тапты. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қайырымдылық акциясын өткізді. Қоғам жанашырлары коммуналдық қызметкерлерге бауырсақ пен ыстық шай үлестірді. Бұған қоса Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себетін таратты.
18 Наурыз, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті сейіліп, айнала дауылдан кейінгі егін алқабындай алай-дүлей күй кешкен тұста Ұлытау бөктерінде туған жас сәбиді ешкім де аңғарған жоқ. Ол кезде тіпті кейіннен ағалық пікірлерін ақтарыла жазған Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиев 16 жастағы бозбала еді.
18 Наурыз, 2024
Президент ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының тәртібі туралы хаттаманы ратификациялады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Наурыз, 2024
Министр медициналық тексерістен кімдер тегін өтетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан азаматтар медициналық тексерістен тегін өтетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
18 Наурыз, 2024
Тарбия Айдымбаева: Ұлттық киім адамға рух береді
Осыдан 4-5 жыл бұрын «әлемге әйгілі бренд ретінде танытуға әлеуеті жететін ұлттық киіміміз ұмыт болып барады, өзіміздікін елемей, өзгенікін өнегелеп жүрміз» деп жиі шағымданатынбыз. Ала шапанды ағайынды айтып, доппысын басынан тастамай дәріптеп жүргеніне қызыға, қызғана қарайтынбыз. Ал бір туған қырғыз жұрты, жылдардың дүрмегінде «айыр қалпағынан» ажырап қалмады, тіпті мемлекеттік мәртебе беруге дейін барды деп талай тамсанғанбыз... Айта-айта қазаққа да «ұлттық дресс-код» дәуірі туып келеді, деп жазады Egemen.kz.
18 Наурыз, 2024
Елімізде егістік алқаптарының 70 пайызы су көздеріне зәру. Суару құрылғыларының тозығы жетіп, заманауи су үнемдеу технологиялары көптеген шаруа қожалықтары үшін қолжетімсіз болып отыр. Satbayev University ғалымдары әзірлеген технология суармалы аймақтардағы осындай мәселені шешуге ықпал етеді. Топырақты құрғақшылықтан, тозудан сақтайды.
18 Наурыз, 2024
Ресейдегі президент сайлауы: Дауыс берудің соңғы күні
Ресейде үш күнге созылған президент сайлауының соңғы дауыс беру күнінде сайлаушылардың белсенділігі алдыңғы күндердегіден біршама арта түсті. Ресей Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, ел аумағындағы алғашқы күнгі дауыс беру қорытындысында сайлаушылардың небәрі 38-ақ, ал сенбі күні 58 пайызы сайлау учаскелеріне келсе, кеше бұл көрсеткіш қашықтан электронды дауыс беруді есептемегенде 64,99 пайызға жетті.
18 Наурыз, 2024