Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл бәсекеде 18 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынаған.
«Жетісу» теннис орталығының 14 жасар тәрбиеленушісі жекелей сында бас жүлдені еншіледі. Шешуші матчта отандасымыз австриялық Юлия Эренбергермен шеберлік байқасты. Үш сетке созылған тартысты финал 6:4, 3:6, 6:1 есебімен аяқталды. Нәтижесінде Айым Қанағатова жеңіске жетті.
Бұл трофей жас спортшының кәсіби карьерасындағы ITF Juniors сериясы бойынша алғашқы жүлдесі. Жарыс барысында ол тек өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарды қапы қалдырып, жеңіске жетуі маңызды жетістік болды.
Еске сала кетейік, Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді.