Қоғам • Бүгін, 16:15

«Қазгидромет»: Маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болады

1 мин
оқу үшін

Синоптиктер биыл маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет»: Маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болады

Фото: Қазгидромет

Алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

  • Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
  • Қарағанды облысында – Шет ауданында;
  • Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
  • Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
  • Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
  • Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
  • Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
  • Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
  • Жамбыл облысында – Талас ауданында;
  • Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

«Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп болжанған. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты.

Соңғы жаңалықтар

Таразда көлік өртенді

Қоғам • Бүгін, 13:22