Қоғам • Бүгін, 15:05

Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады

1 мин
оқу үшін

Астанада Кенесары көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады

Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты, 24-26 мамыр күндері аталған аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады»делінген хабарламада.

Бұған дейін  елордада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылатыны туралы хабарладық.

Соңғы жаңалықтар

Таразда көлік өртенді

Қоғам • Бүгін, 13:22