• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:10

Филиппинде ғимарат қирап, ондаған адам үйінді астында қалды

Филиппиннің солтүстігіндегі Пампанга провинциясына қарасты Анхелес қаласында опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында шамамен 30-40 жұмысшы қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәліметке сәйкес, салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың құлауына қолайсыз ауа райы себеп болған. Бұған дейін жергілікті басылымдар қалада нөсер жауын мен қатты жел болғанын хабарлады.

Оқиға орнына салдарды жою үшін 100-ден астам полиция қызметкері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер жұмылдырылды. Жергілікті полицейлердің бірінің айтуынша, осы уақытқа дейін үйінді астынан 26 адам құтқарылды.

Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр, алайда үйінді ортасына жету қиынға соғып отыр.

Айта кетейік, Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар