• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина Бүгін, 12:57

Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінде туберкулездің ашық түрі анықталды

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласындағы №1 балалар ауруханасының медбикесінде (ерте жастағы патология бөлімі) инфильтративті туберкулез жағдайын растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызметкер соңғы рет 24 сәуірде жұмыста болды. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. Ақпан айында оның флюорографиясы таза болды.

Ведомствода жағдай бақылауда екенін айтты: онымен байланыста болған барлық балалар мен әріптестері тексеріледі (тексерілген 39 қызметкердің нәтижесі теріс). Ауруханада Үй-жайлар мен төсек-орындарына толық дезинфекциялау жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар