Кәсіпқой бокстан WBA, WBC және IBF ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик атақты голландиялық кикбоксшы Рико Верхувенмен кездесіп, 11-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл жекпе-жек Усик үшін оңай болған жоқ. Тоғыз раундқа дейін Верхувен ұпай санымен алда болды. Нидерландылық спортшы чемпионға қарсы әдемі тактика қолданып, жекпе-жекті бақылауда ұстап келді. Алайда 10-шы раундтан кейін Усик бокс тізгінін өз қолына алды. Бірінші болып шабуыл жасап, қарқынды үдете бастады. Ал 11 раундта қарсыласын ноукатқа жіберді. Төреші есеп ашты. Құлағаннан кейін Верхувенді дәрігер қарады. Айқас қайта жалғасты. Осы сәтте Усик мүмкіндікті жібермей, қарсыласын соққының астына алды. Төреші араша түсіп, кездесуді тоқтатты. Осылайша Александр Усик кәсіби мансабындағы 25-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBC және The Ring чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.
Ал Рико Верхувенның кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісі болды.
Айта кетейік, Мысырдың Гиза қаласында өткен Усик пен Рико арасындағы жекпе-жекті тамашалуға World Boxing президенті Геннадий Головкин арнайы барған болатын.