Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс бүгін, 30 мамырда сағат 18-45 шамасында Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған.
Жарылыстың салдарынан жақын орналасқан бір қабатты нысан, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенді. Алдын ала мәліметке сәйкес 14 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің екеуі көз жұмды.
Қазір өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Атырау облысы